365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының баспасөз мәслихаты өтті

  • 182
  • UPD: 18:15, 24.08.2018

Түрікменбашыда өткен Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитінен соң мемлекет басшылары баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді.

Жиынға қатысушылар Арал теңізі бассейнінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Арал теңізінің қазіргі жағдайы экологиялық жағынан сын көтермейді. Оны құтқару үшін бірнеше мемлекеттің күш біріктіргені абзал. Соңғы 50 жылда теңіздің аумағы 9 есеге, су көлемі 10 есеге азайып кеткен. Ондағы кепкен улы тұз шаңды дауыл көтерілгенде мыңдаған шақырым жерге дейін жетеді. Саммитте түйткілді жайттарды шешуге нақты мақсат-міндеттер қойылды.

Осы категория бойынша: « Елбасы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысы: қандай мәселелер талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы