374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Мәдениет және спорт министрін қабылдады

  • 285
  • UPD: 15:30, 15.10.2018

Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «Кинематография туралы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл құжат ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, отандық фильмдерді, сондай-ақ шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген кино өнімдерін халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қазір сіздің тапсырмаңыз бойынша даярланған «Кинематография туралы» заң осы айдың 19-ында болатын Мәжілістің екінші оқылымында талқыланады. Сосын Сенатқа кіргіземіз. Жылдың аяғына дейін кино туралы заң шықса, біздің киноның дамуы, әсіресе, сіз айтқандай, халықаралық деңгейге шығуына барлық жағдай жасалады. Ол заңның ықпалы, біріншіден, біздің фильмдер салықтан 12 пайызға босатылады. Сосын прокатқа шыққанда, табыстан 20 процент босатылады. Халықаралық сондай тәртіп бар. Біздің киноның, шетелдікіне қарағанда, нарық түрінде ұтылып жатқан тұсы бар. Осы заңға байланысты ұлттық киноның жағдайы мүлдем басқаша болады. «Қазақфильм», басқа да киностудия салу, ең бастысы, шетелдік ірі кинокомпанияларды Қазақстанға әкелу. Егер біз Голливуд, Болливудты әкелсек, кинолардың халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндігі ерекше болар еді. Жақын арада Парламенттің сессиясында сіз берген тапсырма бойынша біз қазір туризмді дамыту жөнінде 2023 жылға арналған бағдарламаны дайындап жатырмыз. Сонымен бірге «Туризм туралы» заңға да өзгерістерді жыл соңына дейін орындаймыз. Спорт саласында да елеулі жетістіктер бар. Әсіресе сіз айтқан 100 спорттық сауықтыру орталығын ашу. Олардың бір ерекшелігі, тек қана аудан орталықтарында ғана ашылады. Сосын ірі ауылдық мекендерде ғана. Біз қазір сарап жасап, алға жылжыту, үлкен бағдарлама жасап жатырмыз. Ең бастысы, бұқаралық спортты алға жылжытсақ, жалпы спорттағы жетістіктері нақты болар еді.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда 26 микрокредитті ұйым өз жұмысын тоқтатты Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы