377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Astana Winter Marathon: жеңімпаздар анықталды

  • 373
  • UPD: 15:11, 23.12.2018
Astana Winter Marathon: жеңімпаздар анықталды

Астанадағы Триатлон паркінде өткен қысқы марафонға 1600-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Astana Winter Marathon II атты марафонға 1,6 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірген. Олардың үш жүзден астамы еліміздің аймақтары мен Ресей және Украинадан келіпті. Ең жас қатысушы – 12-де, ал ең ересегі – 74 жаста.

Шыдамдылық пен жеңіске талпынғандар 5, 10, 21 шақырымдық үш қашықтықта бақтарын сынады. Ал 42 шақырымдық жарыс дүниежүзілік талапқа сай күннің қатты суытуына байланысты өтпеді.

Бес шақырымдық қашықтықтағы марафонда Серік Исмаилов пен Адель Шахайдар жеңіске жетсе, он шақырымдық қашықтықты алғашқы болып Мирас Жетібаев пен Зарина Ментаева бағындырды. Ал 21 шақырымдық марафонда Базарбай Дауталиев пен Татьяна Миргородскаяға тең келер атлет табылмады. 

Хабар 24 телеарнасы