383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда мемлекеттік компаниялардың құрылуына мораторий жарияланды

  • 357
  • UPD: 13:53, 24.05.2019

Елімізде мемлекеттік компаниялардың құрылуына мораторий жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ұлттық инвесторлардың кеңесінде мәлім болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнестің дамуына тежеу болған түйткілдерге тоқталып, шешу жолдарын ұсынды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің экспорттық, салық, субсидия, кадр тапшылығы сынды мәселелерін шешу үшін Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. «Бизнесті қолдау жүйесін жетілдіруге алдағы 3 жылда 500 миллиард теңге бөлінсін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Себебі отандық кәсіпкерлік саласының даму қарқыны көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сынды мемлекеттермен салыстырғанда бәсең. «Әсіресе, жеңіл өнеркәсіп көш соңында», – деді жиында сөз алғандардың бірі Инна Апенко. Ал ірі кәсіпорындардың өкілдері кадр тапшылығын сөз етіп, қазақстандық үлесті арттыру қажеттігін алға тартты. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін төртінші өнеркәсіптік революцияға қажетті 10 мың маманды оқытып шығаруды міндеттеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Үкіметке қыркүйек айына дейін мемлекеттік компаниялардің қызметіне ревизия жүргізуді тапсырамын. Сөйтіп, олардың санын қысқарту жөнінде ұсыныс күтемін. Ал бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялардың құрылуына мораторий жариялаймын. Бұл жеке бизнестің дамуына мол мүмкіндік ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы