379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті сенатор мәртебесі берілді

  • 228
  • UPD: 15:24, 30.05.2019

Сенат отырысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Құрметті сенатор мәртебесі берілді.

Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінде айтқан болатын. Депутаттар бірауыздан қолдау білдірді. «Еліміз тәуелсіздігін алған тұста сан түрлі қиындықтарды бастан өткерді. Оны біз білмесек те, Елбасы жақсы біледі. Ал біз тек сезінеміз. Осындай кезеңдерде қиыннан қиыстырып жол тауып, Тәуелсіз Қазақстанды күллі әлемге танытқан Елбасының елімізге сіңірген тарихи еңбегі ешқашан ескерусіз қалмауы керек», – деді депутаттар. Сенаторлар, Нұрсұлтан Әбішұлы отандық парламентаризмді дамытуда және халықаралық беделін арттыруда баға жетпес үлес қосты. Сондықтан бұл тарихи және маңызды шешімдердің бірі екенін жеткізді.

Әли Бектаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

– Өзіміздің басшымызды, өзіміздің елден шыққан үлкен тұлғалы азаматымызды дәріптеп, сіңірген еңбегін бағалау деп есептеуіміз керек. Бүкіл әлем құрметтеп жатқан кезде қазақ халқы неге құрметтемеске?!

Хабар 24 телеарнасы