385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының Наурызбай ауданында сел жүруі мүмкін

  • 126
  • UPD: 10:38, 14.08.2019

Наурызбай ауданындағы таулы аймақтарда орналасқан үйлерде тұратын тұрғындарға дабыл қағылды.

Оларға үрей тудырмай, қажетті заттарын алып, үйлерінен уақытша кетуге кеңес берілді. 

«2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындарға ескертіп үлгердік. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескертеміз, тұрғындарды көшіреміз. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр», – деп түсіндірді Алматы ТЖД-дан.

Авторы: Алмас Садуқас

Хабар 24 телеарнасы