389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

  • 665
  • UPD: 12:50, 13.09.2019
Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

13 қыркүйек күні бокстан Олимипиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегі өтеді.

Айқас Нью-Йорктегі танымал Madison Square Garden аренасында ұйымдастырылады. Ал жерлесіміздің қарсыласы – америкалық Решард Хикс. Жартылай орта салмақта 10 раундқа жоспарланған кездесуді «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалаңыздар.

Өтетін күні: елорда уақытымен 14 қыркүйек (сенбі) сағат 06:00-08:00 аралығында. 

Сондай-ақ Елеусінов пен Хикстің жекпе-жек алдында көз арбасу сәтінен видео жарияланған болатын.

Мұның алдында қыркүйек айында жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшылардың тізімін жариялағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы