384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бензин акцизінің құны 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін

  • 461
  • UPD: 13:51, 17.10.2019
Қазақстанда бензин акцизінің құны 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін bnews

Қазақстанда бензиннің барлық түріне акциз құны 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, бұл мәселе бюджеттік шығындардың, оның ішінде әлеуметтік міндеттемелердің де едәуір өсуімен байланысты болып отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, республикалық бюджетте әлеуметтік салаға кететін шығындар 45%-дан асады. Әрине, акциздік қызметтер арқылы бюжеттік шоғырландыру қажет. Аталған жоба қазір талқыланып жатыр, түрлі ұсыныстар бар, бензіннің әр литріне акциз құнын 10 теңгеге көтеру ұсынылуда», - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қазір АИ-92 бағасы шамамен 150 теңге, кейде литрі 149-152 теңгені құрайды.

«Акциз құны небәрі 8 теңгені құрайды, бұл, шет мемлекеттерді айтпағанда, көрші елдермен салыстырғанда өте аз. Әдетте басқа елдерде бензин құнының жартысына жуығы акциз болып табылады, бізде бар болғаны 8 теңге», – деді министр.

Жоба 1 желтоқсанда талқылауға ұсынылады. Одан соң 1 жарым айдан кейін шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы