387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев елордадағы «Жанұя» отбасын қолдау институты орталығына барды

  • 230
  • UPD: 15:39, 01.11.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысандарды аралады. Ең алдымен астаналық отбасыларға «бір терезе» қағидаты бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсететін «Жанұя» орталығының жұмысымен танысты.

Бұл жерде денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы жайында кеңес беріледі. Орталық бастамаларын жоғары бағалаған Мемлекет басшысы мекеменің тәжірибесін еліміздің барлық аймақтарына енгізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар "Кәсіпкер ана" жобасының қатысушыларымен жолықты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бастамаларыңызды толық қолдаймын. Алда атқаратын жұмыстарыңыз көп. Ең маңыздысы - алғашқы қадам жасау. Мемлекет және жергілікті әкімдік қолдауын аямайды. Біздің елде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады. Бір сөзбен айтқанда, іздеген жетер мұратқа. 

Мен көп балалы анамын. «Кәсіпкер ана» жобасы бойынша өз ісімді ілгерілету жағын үйреніп жүрмін. Психологиялық көмек аламын, тәжірибемді арттырамын. Мұнда өзіңе қажеттіні аласың. Оған қоса үйде отырып та біліміңді арттыра бересің. Қазақстандық әйелдер қауымын осы жобаға қатысуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы