Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған қоса, өңір басшысына ескерту жасалды. Мұндай шешімге Тараздағы оқиға себеп. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
Еске сала кетейік, жұма күні қаладағы №6 мектептің оқушысы зорланған еді. 38 жастағы күдікті оқушы қыз даладағы әжетханадан шыққанда тап беріп, жәбір көрсеткен.