411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға барды

  • 580
  • UPD: 17:27, 05.12.2019

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі», - деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы