379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Иранда құлаған ұшақ ішінде қазақстандықтар болған жоқ

  • 426
  • UPD: 13:34, 08.01.2020

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын ала ақпараты бойынша, украиналық авиакомпанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр. Бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген», – делінген хабарламада.

Бортында 180 жолаушы болған Украина лайнері Тегеран әуежайында апатқа ұшырады. Әуе кемесінің құлау сәті видеоға түсіп қалған.

Қызыл Жарты ай өзінің Twitter-дегі парақшасында Тегерандағы украиналық ұшақтың құлаған орнынан суреттер жариялады.

Ал жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Тегеран әуежайынан шыққаннан кейін апатқа ұшыраған украиналық Boeing-737 ұшағындағы барлық жолаушы қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы