443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңында құлаған ұшақтың қанаты мұзға қарсы сұйықтықпен өңделмеген

  • 1062
  • UPD: 12:48, 24.01.2020
Алматы маңында құлаған ұшақтың қанаты мұзға қарсы сұйықтықпен өңделмеген

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр брифинг барысында айтты.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктігін жоғалтып, бетонды қоршауға соғылған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған. Өрт болған жоқ. Естеріңізде болса, Алматы маңындағы Қызылту ауылында осыдан 6 жыл бұрын да жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан.

ҚР ІІМ апат салдарынан 12 адам қаза тапқанын растады. Толық тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Алматы маңындағы құлаған ұшақта барлығы 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар тізімін мына жерден көруге болады. Сонымен қатар бортта төрт шетел азаматы болғаны анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

ҚР премьер-министрі А.Маминнің төрағалығымен Bek Air әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссияның отырысы өткізіліп, ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінетінін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы