428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

  • 591
  • UPD: 08:57, 01.06.2020
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы ретте барлық мерекелік шаралар онлайн өтеді. Елордадағы білім беру мекемелері арнайы бағдарлама жасаған.

Интернет байқаулар, шығармашылық акциялар мен челлендждер ұйымдастырылады. Жалпы, балдырғандарға арналған 65 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Қалалық білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында күні бойы тікелей эфир болады. Балалар психологы, ювеналды полиция өкілдері мен заңгерлер ата-аналардың сауалына жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр елордадағы арбатта «балмұздақ фестивалі» өткен болатын. Биыл мұндай шаралар болмаса да тағдыры қиын балалар назардан тыс қалмайды. «SOS Астана» балалар қалашығында мерекелік құттықтау шарасы өтеді.

Гүлім Жүсіпова, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Қалашықта тұрып жатқан тәрбиеленушілерге арналған концерт ұйымдастырылады. «Гүлдердің қарбаласы» деген тақырыпта шығармашылық байқау өтеді. Онда гүлмен әрленген костюмдер көрсетіледі. Флористік өнердің қыр-сыры туралы айтамыз. Зияткерлер арасында конкурс болады. Балдырғандар асфальт бетіне сурет салады. Фотосессия өткіземіз. Баларға арнап тәтті сыйлық алдық. Өкінішке қарай, биылғы шараға қонақтар келмейді.

Хабар 24 телеарнасы