456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада 27-28 маусым күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді

  • 720
  • UPD: 14:47, 26.06.2020
Елордада 27-28 маусым күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді

27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді.

Жұмыс кестесі сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін. Демалыс күндері сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.

«Өткен «карантиндік демалыс» сырқаттану деңгейін төмендетудің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда біз «үйдегі демалыс» күнін енгіземіз. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медициналық қызмет алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Базарлар да жабылады. Азаматтар сенбіге дейін қажетті өнімдерін сатып алуы керек. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінде қажеттінің бәрі бар», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған нысандар қатаң санитария нормаларын сақтауы керек.

Бұған дейін демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейтінін хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы