388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мектептерде оқулықтар мен аяқ киімдер сақтайтын шкафтар орнатылмақ

  • 2145
  • UPD: 16:35, 07.02.2017

Еліміздегі мектептерде оқулықтар мен аяқ киімдер сақтайтын оқушылардың шкафтары орнатылып, әр сыныпты Wi-Fi-мен жарақтау жоспарланып отыр.

Үкімет отырысының барысында бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Сондай-ақ, қазір министрліктің алдында балаларды сапалы таза ауызсумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін қалалардағы оқу ошақтарында міндетті түрде сүзгі мен субұрқақтар орнату, ал ауылды жерлерде диспенсерлер қою көзделген. Бұдан бөлек, Сағадиев білім ошақтарындағы алық-салықты атымен жоймақ. Осыған орай ерікті демеушіліктің нақты ережелері бекітіледі.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Әрбір оқушыны оқулықтар, ауыстырып киетін аяқ киім мен спорттық киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтармен жарақтау керек. Бұл – халықаралық тәжірибе. Біз осы мәселені мектеп директорларымен, санитарлық-эпидемиологиялық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен талқыладық. Бұл біраз түйткілдің түйінін тарқатады. Мәселен, бала сөмкесінің ауырлығы азаяды. Биыл жаңашылдықты бастауыш сыныптарында енгіземіз.

Хабар 24 телеарнасы