374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да түлектердің 30 пайызы ҰБТ тапсырмайды

  • 231
  • UPD: 11:55, 21.06.2018

Солтүстік Қазақстан облысында тестілеуден 2748 түлек өтеді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek

– Ұлттық біріңғай тестілеудің бірінші күнінде облыс бойынша 1 мың 107 түлек сынақтан өтуде. Өңірде 8 тест тапсыру орны бар.

Солардың бірі – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Талапкерлер оқу аудиторияларына таңғы 8-де кіріп кетті. Ал қалаға жақын орналасқан Қызылжар, Аққайың және Мамлют аудандарының мектеп бітірушілері автобуспен келді. Ата-аналар да осында жүр. Олар балаларын бейнебақылау жүйесі арқылы көре алады. Түлектерге 120 сұраққа 3 сағат 50 минут уақыт берілген.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

– Ұлттық біріңғай тестілеуді түлектердің 30 пайызы тапсырмайды. Бұл жылдағы жағдай. Өйткені кейбір оқушылар көрші Ресей елінің шекаралас аймақтарына барып білім алады. Онда оқу арзан.

Сондай-ақ егер бүгін тест тапсырып жатқандар қате сұрақ тапса, шағымдар ертең түскі 1-ге дейін ғана қабылданады. Оны арнайы комиссия қарайды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Вадим Пятков, Дмитрий Рура, Сергей Вансович

Осы категория бойынша: « Елордада робот құрастырудан чемпионат өтіп жатыр ҰБТ-2018: Маңғыстау облысында 4167 түлек сынақ тапсыруға өтініш білдірген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы