364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Startup Weekend байқауының соңғы кезеңі басталды

  • 94
  • UPD: 21:55, 10.11.2018

Бұл жолғы шара «Қаланың тұрақты дамуы» тақырыбына арналған.

Қатысушылар 54 сағаттың ішінде экология саласындағы цифрлық шешімдерге қатысты тың жобалар ойлап тауып, оларды қорғап шығуы тиіс. Шарапаты мол шараны ұйымдастыруға Астана қалалық әкімдігі мен «Astana Innovations» компаниясы мұрындық болды. 

Startup Weekend - бұл Astana Innovations Challenge аясында екінші жыл қатарынан өтіп жатқан шара. Инноваторлар мен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналып, Астанадағы стартап-экожүйелерін дамытуға бағытталған.

Олжас Сартаев, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл жобада мемлекет пен корпорациялар инноваторларға қаланың тұрақты дамуына қатысты тапсырмалар береді. Нақтырақ айтқанда, жас кәсіпкерлер экология саласында цифрлық шешімдер іздейтін болады. Startup Weekend - бұл Техстарс аясындағы Жаһандық стартап аптасының бір бөлігі. Осы күндері бүкіл әлем бойынша 15 мыңнан астам адам осы іспеттес шараға қатысып отыр. 

Байқауға қатысушылар 54 сағатта кәсіпкерлік пен сауда саласындағы тапсырмаларды орындап, тың жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті білім мен статистикалық мәліметтер жинайды. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар өзара 1 млн теңге ақшаны бөліп алады. Биылғы грантты Coca-Cola International компаниясы бөліп отыр.

Азель Жәнібек, CCI Kazakhstan компаниясының коммуникациялар жөніндегі маманы:

- Егер осы шара барысында жастарымыз жеңіске жетпесе де, келесі де олар «321» жоабсына қатыса алады. Өтінімдерді біз қазірден бастап сайтымызда қабылдап жатырмыз. Қабылдау 31 желтоқсанға дейін өтеді.

Айта кету керек, былтыр бұл байқауға 1 мыңға жуық жас инноватор қатысқан. Олардың ішінен 18 жоба үздік шықты. 

Авторлары: Ж.Біркенов, А.Қарақойшиев

Осы категория бойынша: « Астанада «Болашақ» стипендиясының 25 жылдығына арналған форум өтті Еуроодақ және Орта Азия университеттері ректорларының форумы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы