389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Спорт журналистикасы кафедрасы ашылады

  • 1089
  • UPD: 15:15, 14.12.2018

Елімізде Спорт журналистикасын оқытатын кафедра пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Астанадағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналғандар осы мәселені талқылады. Өйткені спорт саласы күннен-күнге дамып, ауқымы кеңейіп келеді. Сондықтан оны ақпараттандырудың да нақты жүйесі болуы керек. Осы мақсатта Еуразия ұлттық университетінің мамандары арнайы оқыту бағдарламасын дайындауға кірісті. Енді оны алдағы оқу жылынан бастап қолданысқа енгізбек. Бұған қоса басқосуда спорт саласында қалам тербеп жүрген тілшілердің біліктілігі және оны жетілдірудің тетіктері сөз болды.

Дүрәлі Дүйсебай, спорт журналисі:

- Жалпы, ЕҰУ спорт журналистерін дайындауға ұмтылып жатыр. Комментатор шеберлігі, Спорт шолушысы, Спорт журналистикасына кіріспе деген пәіндерді оқыдық. Қазір содан тәлім алғандар саланы жазып жүр. Бірақ әлі жеке салалық журналистика ретінде шыққан жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы