382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қонақүй ғимараты студенттік жатақхана етіп қайта жабдықталады

  • 119
  • UPD: 22:31, 11.06.2019

Алматы облысында құрылысы тұралап қалған қонақ үй ғимараты 288 орындық студенттер жатақханасына айналдырылмақ.

Оған 2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Қазір жатақхана  іргетасы мен қабырғасын мығымдау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс аяқталған соң ғимарат жергілікті жоғары оқу орнының басқаруына беріледі. Алдағы уақытта Алматы облысында осындай 10-ға жуық жаңа нысан салынады. Сол арқылы 2 мыңға жуық шәкірт жатақханамен қамтамасыз етіледі. 

Марат Нүсіпбаев, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Оның ішінде біреуі қазір салынып жатыр 283 орынға. Биыл ноябрь, декабрь айында іске қосамыз деп ойлап отырмыз. Оның ішінде 8-і қазір экспертизада жатыр. Оған 500 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Август, сентябрь айында бастайын деп отырмыз. Келесі жылы өткізіп береміз.

Хабар 24 телеарнасы