387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда 175 түлекке облыс әкімінің гранты тағайындалады

  • 194
  • UPD: 08:35, 19.08.2019
Маңғыстауда 175 түлекке облыс әкімінің гранты тағайындалады

Биыл маңғыстаулық 175 түлек аймақ әкімі бөлген білім грантына ие болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конкурстық негізде үлестірілетін грант негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына беріледі. Жергілікті атқарушы билік осылайша, сұраныс жоғары жас мамандар қатарын толтырмақшы. Білім басқармасы келтірген мәліметтерге сәйкес, аймақта педагогикалық және медициналық мамандық иелері жетіспейді. Осы бағыттар бойынша тегін оқуды қалайтын түлектердің құжатын арнайы комиссия қарап жатыр. Оның құрамы мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құралған. Конкурс қорытындысы бірер күнде жарияланады деп күтілуде.

Гүлмира Мамаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша жаратылыстану, орыс тілі пәндері бойынша ұстаздар санының аздығы байқалып отыр. Жалпы білім гранттары 17 мамандық түрлері бойынша беріледі. Олардың сегізі болашақ журналист, дінтанушы және ауыл шаруашылығы саласының мамандарына бөлінген. Айта кетейік, мұндай мүмкіндікті ЖОО студенттері де қол жеткізе алады. Бастысы, сабақ үлгерімі үздік болуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы