411,66 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдары 245 білім нысаны салынды

  • 516
  • UPD: 08:35, 16.12.2019

Жамбыл облысында Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді. Жиырма сегіз жылда өңірде 245 білім, 126 денсаулық сақтау, 500-ге тарта спорт нысандары жаңадан салынды. Мереке қарсаңында олардың қатары тағы 41 медициналық нысанға жаңартылды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, өңірде 126 медициналық нысан салынды. Қазір жалпы саны 391 денсаулық сақтау ұйымы тұрақты қызмет көрсетеді. Тиісінше саланы қаржыландыру да ондаған есеге артқан. Мәселен, 2000 жылы салаға бөлінген қаржы 2 миллиард теңге болса, 2019 жылы 61,4 миллиардқа жетіп отыр. 

Алайда былтыр зерттеп, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде аймаққа 95 алғашқы санитарлық көмек көрсету нысандарының қажеттілігі анықталды. Бұл мәселені шешу бағытында кешенді жол картасы әзірленді. Оның 30 былтыр пайдалануға берілсе, 65-нің құрылысы биыл бітіп, елді мекендер 100 процент қамтылып отыр.  

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 95 объектіге 6 миллиард 200 миллион теңге. Ал енді жаңағыдай үнемделген сметаны пайдалану және жекеменшік әріптестік қағидаларын қолдану нәтижесінде бұл екі есе арзандап отыр. Яғни барлық 95 нысанға 3 миллиард  200 миллион теңгеміз кетіп отыр. 

Өңірде «Жасыл экономика» бағытындағы жұмыстар да көш ілгері. Бұл жұмыстар әсіресе 2010 жылдары қарқын алды. Қазір күн, су және желден қуат өндіретін 11 электр стансасы жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы қуатылығы 169 мегаватт. Айта кету керек, қазір жергілікті тұрғындар баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергияның 20 процентін тұтынып отыр. 

Құдайберген Қорғанбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқарма басшысының орынбасары:

-  Бес жобаның құрылысы басталып кетті.Жалпы қуаты 118,5 миллиард теңгеге 233 мегаватты құрайтын болады. Екі жобаны биылғы жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз жыл соңына дейін. Қызығушылық танытып отырған біздің облысқа өте көп деп айтсақ болады. Себебі біздің қолайлы климат жағдайы өте жоғары. 

Жиырма сегіз жылда аймақ ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Облыс бюджеті соңғы 15 жылда 12 есеге артты. Биылдың өзінде өңірдің экономикалық көрсеткіші 5 процентке өскен. Өндіріс көлемі 6,5, жеке инвестиция 20 процентке жетті. Биыл жыл басынан бері 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әулиеаталықтар ынтымақ пен бірлікте талай күрделі кезеңдерді бірге өткерді. Қазір туған өлкенің өркендеуіне бірлесе үлес қосып келеді.   

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы