432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мектеп түлектері аттестат алды

  • 655
  • UPD: 16:37, 03.06.2020
Ақтөбеде мектеп түлектері аттестат алды

Бүгін елімізде мектеп бітірген түлектерге аттестат табыстау рәсімі басталды.

Екі күнге созылатын іс-шара барлық санитарлық талапқа сай өтуде. Білім ұясымен қоштасатын балалар үшін салтанатты жиын ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Мәселен, ақтөбелік мектептердің кейбірі түлектерге аттестатты әдеттегідей мектеп ауласында табыстаса, енді бірі ғимарат ішінде берді. Биыл өңірде 6 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Оның 80 проценттен астамы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген. Облыста ұлттық бірыңғай тест өткізуге арналған 15 орталық  жасақталады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.  

Биболсын Асылұлы, түлек:

– Ең бастысы, осы мектепте білім берген, тәрбие берген ұстаздарымызға көп-көп алғыс айтамыз. Сосын барлық досыма, кластастарыма ЕНТ-дан жоғары балл алуға тілектеспін.

Ләззат Оразбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Ұлттық бірыңғай тест 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Балалардың отыру арақашықтығы екі метрден, кіру ара қашықтығы сақталады. Сол сияқты кіру бағытындағы санитарлық талаптың сақталуы, дезинфекциялық тоннелдің болуы, басқа да талаптардың сақталуын қамтып, балаларымыздың ҰБТ өткіземіз деп ойлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы