423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы мектептердің жартысына жуығы қалыпты режимде жұмыс істейді

  • 243
  • UPD: 08:48, 06.08.2020
Ақмола облысындағы мектептердің жартысына жуығы қалыпты режимде жұмыс істейді

Биыл күзде Ақмола облысындағы мектептердің жартысына жуығы қалыпты режимде жұмыс істейді, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл алыс ауылдарда орналасқан шағын білім ошақтары. Себебі, оларда оқушы саны аз. Сондықтан аталған мектептердің әдеттегідей, бірақ санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне министрлік тарапынан рұқсат беріліп отыр. Білім ұяларында бас-аяғы 9490 бала оқиды. Ал, аймақтағы қалған білім нысандарында бастауыш сыныптарға арналған кезекші топтар ашылады. Қазір оларға оқушыларды жинау үшін ата-аналардан өтініштер қабылданып жатыр. Ал, салаға жауаптылар қашықтан білім алатындарды қажетті техникалармен қамтамасыз ету жағы қарастырылып жатқанын айтады. Мәселен, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 2600-ден астам оқушыға компьютер мен ноутбук керек екені анықталып, әзірге олардың 1400-ден астамына тиісті техника берілген. Онлайн оқуға қазір мұғалімдердің өздері де дайындалуда.

Валерий Гамазов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Министрлік тарапынан мұғалімдерге арналған онлайн курс әзірленді. 5 бөлімнен тұратын 40 сағаттық сабақта қашықтан оқу кезінде ақпараттық технологияларды қалай қолдану қажет, ата-аналармен және балалармен қалай онлайн жұмыс істеу керек, осының бәрі қамтылған. Аталған тегін дәрісті қазір біздегі ұстаздардың барлығы тыңдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы