428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы кейбір мектеп жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауы мүмкін

  • 322
  • UPD: 07:41, 07.08.2020
Қызылорда облысындағы кейбір мектеп жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауы мүмкін

Қызылорда облысында шалғай орналасқан мектептер жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге мұндай оқу ошақтарының саны өңірде 50-ге жуық. Қалған 243 білім ұясы қашықтан оқытады. Сонымен бірге бастауыш сыныптар үшін ата-аналар өтініші бойынша кезекші сыныптар ашу жоспарда бар. Компьютері жоқ 300 мұғалімге кәсіподақ есебінен техникалық құралдар берілетін болады. Аймақта мектептерді жөндеу жұмыстары да қызу жүріп жатыр.  Мәселен, Қармақшы ауданындадағы Дүр Оңғар ауылындағы нөмірі 107 мектеп 40 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 160 миллион теңге қаржы қаралған. 

Қартбай Тұрманов, учаске басшысы:

– Мектеп 1978 жылы салынған. Одан кейін жөндеу жүрмеген. Осы бірінші рет екен жөндеу жүріп жатқаны. Бүгінгі таңда 40 жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Есік-терезелерінің бәрі салынды. Тоқтары, су, жылуын бәрін ауыстырдық. Енді қалған жұмыс, қабырға сылау, полдары қалды.

Дастан Нәзікбаев, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы:

– Қазір енді біз 1-4 сыныптарды мектепке дәстүрлі сабаққа қабылдаймыз деп жатырмыз. Соғын байланысты санитария жағдайын жасау мектептердің жұмысы болып жатыр. Биыл да біздің кәсіпкерлер, азаматтар осы мектептегі оқушыларға планшеттер, ноутбуктар алып беру мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы