423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды көп таңдады

  • 478
  • UPD: 12:39, 17.08.2020
Биыл қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды көп таңдады

Биыл қазақстандық түлектер арасында инженерлік мамандықтар танымал болды.

Білім және ғылым министрлігі биыл медициналық жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің саны өспегенін мәлімдеді, деп хабарлады InAlmaty.kz.

Министрлік мәліметінше, маусым айында ҰБТ тапсыруға 131 754 өтініш түскен. Оның ішінде 83 мыңнан астам талапкер шекті балды жинап, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Былтырғымен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірушілер саны 11% артқан.

Үміткерлердің үштен бірі математика-физика пәндерін таңдады – 33%, химия-биология – 20% және математика-география – 12%.

Хабар 24 телеарнасы