420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында алты мектептің құрылысы аяқталуға жақын

  • 110
  • UPD: 10:59, 26.08.2020
Алматы облысында алты мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Жаңа оқу жылына дейін Алматы облысындағы үш бірдей жаңа мектепт пайдалануға беріледі, дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсара Исағұлова.

Жыл соңына дейін тағы үш білім ошағы салынып бітуі тиіс.  Қазір өңірдегі 55 білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар 354 мекемеде жеңіл түрдегі құрылыс жұмыстары қолға алынған. Солардың барлығында қажеттілік орындары ғимарат ішіне салынатын болады. Облыстағы 760 ден аса мектептің 400-ден астамы қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Ал, жөндеу жұмыстарынан кейін бұл проблема өзектілігін жояды. Жалпы аймақта үш ауысымды оқыту жүйесін ретке келтіру үшін жаңадан 32 мектеп салынып жатыр.

Гүлсара Исағұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Алты мектеп осы жылдың аяғына дейін аяқталады. Оның үшеуі 1 ші қыркүйекте пайдалануға беріледі. Скл 1,35 сонымен қатар тағы 17 жалпы білім беретін мектептің жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

 

 

Хабар 24 телеарнасы