421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ел арна» мен «Балапан» арналарынан телесабақ көрсетуге 6 мыңнан астам ролик түсірілді

  • 213
  • UPD: 08:29, 01.09.2020

Бүгін «Еларна» мен «Балапан» республикалық арналар эфирінде мектеп оқушыларына арналған телесабақтар көрсетіле бастайды.

Бейнероликтер таңғы сағат 9-дан кешкі алтыға дейін шығады. Сабақ кестесі Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған. Кейін осы материалдарды осы арналардың сайттарынан қайталап көруге болады. 6 мыңнан астам бейнеролик 2 тоқсан бойы көрсетіледі. Алгебра мұғалімі Бағдат Қабасов та жобаға қатысып жатыр. 

Қабасовтың пікірінше, карантин режимі кезінде онлайн оқыту форматының пайдасы зор. Әсіресе өз бетімен оқуға үйренген оқушылар үшін бұл таптырмас құрал. Алайда ұстаз балалармен бір сыныпта отырып, тікелей жұмыс жүргізудің де артықшылықтары мол дейді. Ұстаз қатаң іріктеуден өтіп, телесабақ жүргізуге қызу кірісіп кетті. Ол берілген 15 минут ішінде ең маңызды материалдарды түсіндіріп өтуге барын салуда. 

Бағдат Қабасов, №60 мектеп мұғалімі:

- Әрине бұл мектептегідей сабақ болмайды. 100 процент келісемін. Мектепте оқушыны көзбе-көз көріп отырған соң, баланың түсінгенін, түсінбегенін білеміз. Онлайн сабақтарға максималды ең керек жерлерін таңдап беруге шешім қабылдадық. Оқушылардың еңбегімен, ұстаздар мен  ата-аналардың қолдауымен бәрін жақсы өткіземіз деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы