420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жаңа оқу жылы адалдық сағатымен басталды

  • 147
  • UPD: 10:39, 01.09.2020
Қазақстанда жаңа оқу жылы адалдық сағатымен басталды

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орнында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Оқушылар мен студенттер ақыл кітабы – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.

Онлайн сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінен көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы