420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды

  • 141
  • UPD: 22:27, 01.09.2020

Шаһардағы барлық мектепте ұйымдастырылған акция ұлы ақынның 175 жылдығына арналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада мыңға жуық кезекші сыныптар ашылды. Онда 1-сыныпқа баратын 14 мыңнан астам бала білім алады. Қалған 10 мыңдай бүлдіршін бірінші тоқсанды үйде отырып оқиды.

Биылғы жаңа оқу жылы Шымкентте 222 мың оқушы мектепке барды. Оларды алғашқылардың бірі болып қала әкімі Мұрат Әйтенов білім күнімен құттықтады. Шаһар басшысы онлайн режимінде оқушыларға сәттілік тілеп, жаңа оқу жылын ұлы Абайдың өлеңімен бастады. Осылайша ақынның 175 жылдық мерейтойын барлық мектепте кең көлемде атап өтуді ұсынды.   

Білім күні – 1 сыныпқа баратын балалар үшін ерекше мереке. Биылғы жаңа оқу жылы көп мектептерде салтанатты жиын өтпегенімен, кейбір білім ошақтарында алғашқы қоңырау соғылды. Мәселен, биыл шаһардағы №80-мектептің табалдырығын 450 бала алғаш рет аттады. Олардың кейбірі ата-аналарының қалауы бойынша мектепте білім алады.

Сәуле Қалибекова, №80-мектеп-лицейдің директоры:

– 40 минуттан екі сағат білім алады. Біз кезекші сыныптар аштық. Бір сыныпты екіге бөліп оқытамыз. Бала саны 15-тен аспауға тиіс. Санитарлық талаптарды ескере келе, кесте жасадық. Ал 2-сыныптан 11-сыныпқа дейін қашықтықтан онлайн түрінде оқитын болады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, шаһардағы 172 мектептің барлығы жаңа оқу жылына дайын. Барлық мектептер интернетке қосылған, ал мұғалімдер IT сауаттылық курсынан өткен. Сонымен қатар білім беру мекемелерінің қоры жақында аз қамтылған отбасының балаларына берілген 36 мың компьютермен толықты.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Рауль Габитов

Хабар 24 телеарнасы