423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа оқу жылынан бері 241 мұғалімге коронавирус жұққан

  • 89
  • UPD: 19:45, 17.11.2020
Жаңа оқу жылынан бері 241 мұғалімге коронавирус жұққан

Жаңа оқу жылынан бастап 241 мұғалім коронавирус жұқтырды. Сондай-ақ 302 оқушыда ковид-19 инфекциясына ұқсас ауру белгілері байқалған. 

Бүгінгі таңда 452 бала емделіп жатыр. Індеттің қайта өршуіне байланысты сабақтарды онлайн форматта жалғастырған абзал. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осылай дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұл ретте нақты мысал келтірді. Жақында Қарағандыға келген Ресей азаматынан вирус анықталған. Көп ұзамай онымен тікелей байланыста болған мұғалім ауырып қалды. Ізінше оқушылары инфекция жұқтырып, үйдегілерге таратқан. Сол себепті офлайн оқыған балалардың ауру адаммен байланысқа аз түсетінін ескерген министрлік өкілі қашықтан оқыту жүйесін сақтауға тура келетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы