386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


18 мамырда еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

  • 470
18 мамырда еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады faktor.mk

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, тек республиканың оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20,  күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күшейіп,  Ақмола облысында тұман күтіледі. Павлодар облысында күндіз жел күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай, түнде Қарағанды, Алматы, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы