365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

14-16 тамызға арналған ауа райы болжамы

  • 188
  • UPD: 11:54, 13.08.2018
14-16 тамызға арналған ауа райы болжамы K1NEWS

Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде  өткен нөсер жаңбырдан кейін күн қайтадан ысиды, деп хабарлады Қазгидромет.

Ал Иран аймағынан түсіп жатқан тропикалық ауа республиканың қалған аумақтарында температура шамасының жоғарылауына әсерін тигізеді.

Сондай-ақ Ресейдің еуропалық аумағының оңтүстігінен жылжитын атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің батыс, солтүстік-батысында, аптаның ортасында солтүстік және орталық аудандарында екпінді жел соғып, жаңбыр жауады, күн күркірейді деп болжайды отандық метрологтар.

Осы категория бойынша: « Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады Алдағы тәуліктерде елімізде күн суытады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы