365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 6 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды

  • 595
  • UPD: 16:25, 10.10.2018
Еліміздің 6 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды Укринформ

Астанада жауын-шашын жауып, соңы сулы қарға ұласады.

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

11 қазанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Сондай-ақ ертең, 11 қазан күні Астанада күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

Бұған қоса, «Қазгидромет» еліміздің бірқатар аумағында күн суытатыны туралы дабылды ескерту жариялады.

12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз ауа температурасы 3-10 жылыға дейін төмендейді.

«Астана қаласында 12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулігіне жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді», делінген хабарламада.

Осы категория бойынша: « Қытай туралы 14 қызықты дерек Балаңыздың үлгеріміне интеллект емес, тұқым қуалаушылық әсер етеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы