376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 173
  • UPD: 20:58, 15.04.2019
Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, 16 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа жетуі мүмкін. Петропавлда 16 сәуір күні күндіз көктайғақ болады. Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түркістан облысында түнде кей жерлерде, күндіз таулы аудандарда нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, жел солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістанда түнде және 16 сәуір күні таңертең найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 секунд жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде күшейіп, қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа, екпіні түнде 25 м/с-қа жетеді. 16 сәуір күні күндіз ауа температурасы төмендеп, 7-12 градус айналасында болады, 17 сәуір күні 0-5 градус, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Өскеменде 16 сәуір күні солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с жетуі ықтимал. Семейде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы