379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

  • 482
  • UPD: 13:05, 19.04.2019
Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында да барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары хабарлап отыр. Соның салдарынан таңертеңгі сағат 9-дан 11:30-ға дейін 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол-патрульдік полициясының жұмысы күшейтіліп, барлық бағыттағы жолдар кез келген көлік түрлері үшін жабылды.

Жанна Дәуренбекова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

– Сағат 10.40-тан ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлеріне жолдар жабылды. Жолдардың жабылуына байланысты көлік жүргізушілерін абай болуға шақырамыз. Елді мекендердің сыртына шықпауды ескертеміз. Әсіресе, түнгі уақытта. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын жаяу шықпауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы