378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғындары мен қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады

  • 175
Елорда тұрғындары мен қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады astana.gov.kz

Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу барысында 7 және 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен сол жақ жағалауға тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.  Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді. 

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:  +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz. «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.30 (орыс тілінде); - сағ. 12.45 (қазақ тілінде);  - сағ. 15.15 (орыс тілінде); - сағ. 17.30 (қазақ тілінде); - сағ. 19.45 (орыс тілінде). Бұдан кейінгі аялдамалар: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы. «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:  - сағ. 11.00 (қазақ тілінде); - сағ. 13.15 (орыс тілінде); - сағ. 15.45 (қазақ тілінде); - сағ. 18.00 (орыс тілінде); - сағ. 20.15 (қазақ тілінде). Бұдан кейінгі аялдамалар: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы