378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мереке күндері ауа райы қандай болады?

  • 251
  • UPD: 13:38, 08.05.2019
Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 9-13 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы 30..38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі. Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Апта соңында суық атмосфералық фронттар және Карск теңізінде қалыптасқан антициклон әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы