Синоптиктер 2019 жылдың 21-23 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.
«Қазгидромет» өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы үш күнде елімізде ауа райы құбылмалы болады.
«Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және күшті секундына 15-25 метр желмен суық ауа райы күтіледі. Бұл барлық метеорологиялық құбылыстар алдымен полярлық, артынша арктикалық суық фронттардың өтуімен байланысты болады», - делінген хабарламада.
Синоптиктер мәліметінше, Батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып, республика арқылы антициклонның жылжуымен кезеңнің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынның тоқтатылуы күтіледі