379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 323
  • UPD: 17:31, 27.05.2019
Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды Tengrinews

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша 28 мамыр түнде ШҚО-да үсік жүрсе, Қостанай облысында найзағай ойнап, жел соғады.

28 мамыр түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.

28 мамыр күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 28 мамыр күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с болады.

28 мамыр күні Қызылорда облысының кей жерлерінде құмды дауыл, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың кей аймақтарында найзағай күтіледі.

Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.

Хабар 24 телеарнасы