384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ораза айт мерекесі қашан басталады?

  • 3932
  • UPD: 08:52, 05.06.2019
Ораза айт мерекесі қашан басталады? inform.kz

Айлардың сұлтаны болған қасиеттi Рамазан айымен қоштасатын сәт те келіп қалды.

Ораза айы - құлшылық пен сабыр, береке мен бiрлiк айы болса, осы қасиетті айдың аяқталғанын айғақтайтын Ораза айт мейрамы - жер бетіндегі барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі.

Биыл Ораза айт мерекесі 5 маусым күні басталады.

Айттың мән-мағынасына келсек, Айт - қуаныш пен шаттыққа толы күн деген мағынаны немесе мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді екен. Аллаһ Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді. Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталады

Дәстүр бойынша мерекеде мұсылмандар бір-біріне «Иб Мубарак» деген сөздермен сәлемдеседі. және «Ораза Айт кабыл болсын!» деп жылы лебіздерін білдіреді.

Айта кетейік, пітір садақасы Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады. Биылғы пітір садақаның мөлшері 300 теңгені құрайды.

Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да  ерекше мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады.

Хабар 24 телеарнасы