386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IKOMEK109 орталығының WhatsApp чат боты ашылды

  • 204
  • UPD: 12:54, 22.07.2019
IKOMEK109 орталығының WhatsApp чат боты ашылды

IKOMEK 109 бірыңғай қалалық байланыс орталығында қолданыстағы хат арналарына қосымша WhatsApp чат-бот қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Енді өтініш беру бұрынғыдан да оңайырақ болмақ. Ikomek109 чат-бот салымдармен өтінішті қалай беруге, елордада оқиғалар туралы хабарлама алуға, бұрын берілген өтініштерді, тіркеу нөмірі бойынша өтінішті табуға болатынын көрсетеді. 

Сұхбаттың негізгі артықшылықтары:

- қосымшаларды әзірлемей, әлеуметтік желілер арқылы халықтың жергілікті атқарушы органмен байланысы үшін ыңғайлы құрал жасау;

- iKOMEK109-ге өтінімді жөнелтуді неғұрлым ыңғайлы сервиспен қамтамасыз ету;

- оқиғалар туралы қала тұрғындарын хабардар ету тәсілдерін кеңейту;

- ұялы құрылғыларға арнайы қосымшаларды орнату қажеттілігінің болмауы.

 Елорда тұрғындары өз өтініштерін 87471090109 нөмірі бойынша бере алады.

Хабар 24 телеарнасы