386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да аптап ыстық туралы ескерту жарияланды

  • 237
  • UPD: 23:54, 23.07.2019
БҚО-да аптап ыстық туралы ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысында күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда 24 шілдеде күндіз кей жерлерде, 25-26 шілдеде Батыс Қазақстанның басым бөлігінде қатты ыстық болады. Мамандардың айтуынша, сынап бағанасы 35 градустан аспақшы. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, қазіргі кезде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралардың қабылданып жатқандығын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы