386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күздің алғашқы күндері қандай ауа райы күтіледі

  • 478
  • UPD: 16:52, 02.09.2019
Күздің алғашқы күндері қандай ауа райы күтіледі 100500foto.com

Қазгидромет 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оған сәйкес, Қазақстанның солтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады. Циклон алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарына өз әсерін тигізеді. Суық атмосфералық фронттар оңтүстік, содан соң оңтүстік-шығыс және шығыс облыстар арқылы жылжиды. Оңтүстік облыстарда температураның төмендеуі, ал солтүстік облыстарда климаттық нормадан 3-6°С төмен ауа температурасы сақталады. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің жекеленген аудандарында түнде 1...3°С үсік болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы