389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жаңартуы қажет

  • 569
  • UPD: 14:21, 20.09.2019
Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жаңартуы қажет elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтарды 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін құжаттарын жаңартуды сұрайды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Заңнамаға сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жыл сайын жаңартуы тиіс.

Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 (кіру М.Жұмабаев көшесінен) мекенжайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркей аласыз.

Жаңартуға қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (КММ-де толтырылады);

2) өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/№ 4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

5) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№6 форма) (ХҚКО-дан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жекеменшік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-дан №2 формасы, сатып алу-сату/сыйға беру/жекешелендіру/айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік көшірмелері);

7) өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары:

  1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін – куәлік;
  2. 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға – мүгедектік туралы анықтама;
  3. кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар үшін – ауруы туралы анықтама;
  4. жасына қарай зейнеткерлер үшін – зейнетақы кітапшасы;
  5. жетім-балаларға – ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі/қамқоршы тағайындау туралы қаулысы/сот шешімі;
  6. оралмандар үшін – оралман куәлігі;
  7. экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар үшін – құзіретті органның анықтамасы/актісі;
  8. көпбалалы отбасылар үшін – көпбалалы ана кітапшасы;
  9. қызметтік міндеттерін атқару кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – құзіретті органның анықтамасы;
  10. толық емес отбасылар үшін - некені бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ №4 форма (көшірмелері) және өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-дан алынады);
  11. мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін – жұмыс орнынан (қызметінен) анықтамасы және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  12. авариялық тұрғын үйі бар азаматтар үшін – құзіретті органның техникалық қорытындысы қажет.
Хабар 24 телеарнасы