386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі

  • 146
  • UPD: 16:03, 05.11.2019
Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі

Елімізде қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін жүзеге асыру басқармасының басшысы Жасұлан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таяуда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізілетін болады. Бүгінгі күні бұйрық, нормативтік-құқықтық акті дайын және мемлекеттік органдармен келісу сатысынан өтіп жатыр. Жақын арада нормативтік-құқықтық акт қабылданып, Әділет министрлігінде тіркеледі деп үміттенемін», - деді ол пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.

Нұрғалиевтің айтуынша, аталған нормативтік-құқықтық акт жария түрде талқыланған. Енді тек мемлекеттік органдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу ғана қалып отыр. Одан кейін Әділет министрлігі рәсімдеуі тиіс. Сонымен қатар ол қаптаманы кәдеге жарату алымының да ставкасы қанша болатындығын айтып берді.

«Болжалды мәліметтерге сәйкес, әр бөтелкеге 0,5 теңге немесе 10 тиын болады. Ең үлкен ставка 1,5 теңге мөлшерінде шыны бөтелкелерге белгіленіп отыр. Оның өзі де салмағына байланысты. Қаптаманы кәдеге жарату алымын өндірушілер мен импорттаушылар төлейді. Біз мұны 2018 жылы енгізуді жоспарлаған едік. 2017 жылдан жұмыстарды қолға алдық. Бұл мәселені тыңғылықты қарастырдық», - деді Экология министрлігінің өкілі.

Хабар 24 телеарнасы