378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 374
  • UPD: 13:54, 25.11.2019
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы prognoz.postimees.ee

Қазгидромет 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына жылжып, жауын-шашын тудырып, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне әкелді.

Алдағы үш тәулікте циклон және фронтпен байланысты жоғары барикалық жыра әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжиды, ал тропосфералық ағындар (5 км-ге жуық биіктікте) ендікке ауысуын бастайды. Осыған байланысты Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды, соның әсерінен республиканың бүкіл аймақтарында температураның жоғарылауын тудырып, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы