443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

  • 315
  • UPD: 14:48, 29.01.2020
Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 35 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аяз болуы ықтимал. Ал батыс өңірлерге жылы атмосфералық ауа ағындары ауысып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы бірден көтеріледі», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы