411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қала маңына қатынайтын автобустар қалай жүреді

  • 208
  • UPD: 10:53, 19.03.2020
Елордада қала маңына қатынайтын автобустар қалай жүреді

Елордада қала маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар бағдары өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.

«№№ 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарлар қозғалысы уақытша тоқтатылды. №№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 311, 313, 314, 318, 319, 320, 321, 322, 326 қала маңына қатынайтын бағдарлар желіде», – делінген хабарламада. Компанияның хабарлауынша, Малотимофеевка ауылының маңында блок бекет орнатуына байланысты №318 қала маңына қатынайтын бағдар қозғалысы уақытша тоқтатылды. №304, 322 бағдар Жібек жолы ауылына тас жол арқылы кіреді. № 306 бағдар Талапкер ауылына кірмейді.

«Талапкер ауылы» аялдамасынан кері бұрылады. №307 бағдар Алай базарына кірмейді. «19 наурыздан бастап қала маңына қатынайтын бағдарлар жексенбі күнгі кестемен жүреді. Барлық қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын бағдарлар сағат 21:00-ге дейін жүреді», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы