435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың науқастар арқылы қай кезде өте қарқынды жұғатыны анықталды

  • 193
  • UPD: 12:19, 26.03.2020
Коронавирустың науқастар арқылы қай кезде өте қарқынды жұғатыны анықталды

Коронавируспен ауыратын науқастар инфекция жұқтырғаннан кейінгі алғашқы аптада басқаларға үлкен қауіп төндіреді.

Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.

Ғалымдар 35 -75 жас аралығындағы COVID-19 расталған 23 науқастың сілекей сынамаларын талдау нәтижесінде осындай тұжырымға келді. Сілекейдегі вирустың қуаттылық деңгейі белгілер анықталған сәттен бастап алғашқы жеті күн ішінде өте жоғары болып, содан кейін біртіндеп төмендеген.

«Аурудың алғашқы аптасындағы жоғары вирустық жүктеме науқастан басқа адамдарға оңай жұғуы мүмкін екендігін көрсетеді», - деді Гонконг университетінің микробиология кафедрасының доценті Келвин То.

Коронавирус жұқтырған науқастардан қандай белгілер байқалатыны туралы мына жерден оқуға болады.

Коронавирус пандемиясы қалай басылады – биолог

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

Балалар коронавирусты жасырын түрде тасымалдайды – мамандар

Хабар 24 телеарнасы